ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ЖЕРДІ ҚАШЫҚТЫҚТАН ЗОНДТАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА
Жүктеу...
Кездесуге
Авторлар
Журналдың атауы
ISSN журналы
Томның атауы
Баспагер
Publisher of Kostanay Regional University named after Akhmet Baitursynuly
Дерексіз
Мақалада Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) технологияларын білім беру процесінде білім алушылардың цифрлық құзыреттерін қалыптастырудың тиімді құралы ретінде пайдалану мүмкіндіктері қарастырылады. ArcGIS, ERDAS IMAGINE және басқа да бағдарламалық өнімдердің көмегімен спутниктік деректерді дешифрлеу бойынша жұмыс геокеңістіктік ақпаратты талдау, визуализациялау және интерпретациялау дағдыларын дамытуға ықпал ететіні көрсетілген. Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін болжау және жердің шөлейттену процестерін зерттеу барысында ЖҚЗ деректерін өңдеудің бағдарламалық өнімдерін қолдануға ерекше назар аударылған. Мақаланың мақсаты – ЖҚЗ технологияларының білім беру процесінде білім алушылардың цифрлық дағдылары мен білімін қалыптастырудағы және оларды практикалық міндеттерді шешуде қолданудағы тиімділігін көрсету.