ОҚУШЫЛАР МЕН ЖАСТАРҒА АБАЙ ӘЛЕМІН МЕҢГЕРТУ ҮШІН ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН АВТОРЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Жүктеу...
Кездесуге
Авторлар
Журналдың атауы
ISSN журналы
Томның атауы
Баспагер
Publisher of Kostanay Regional University named after Akhmet Baitursynuly
Дерексіз
Мақалада орыс тілінде білім беретін мектеп мұғалімдері мен оқушыларына арналған «Абай әлемі» атты авторлық бағдарлама және оқу–әдістемелік құралдың маңыздылығы қаралады. Ол өз кезегінде жастарға тәрбие беруде өзекті деп есептеледі. Себебі бұл оқушылардың ата–баба мұрасын рухани, әдеби, мәдени құндылық ретінде тануына, оқып–зерттеуіне, Абайдың «толық адам» концепциясын түсінуге жол ашады. Ақынның мұрат–мақсаттарын, көркем–әдеби туындыларын, ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы ӛсиеттерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту, автордың ұстанымын түсінуге, көркем туындының тілдік ерекшеліктерін, идеялық мәнін талдауға, пікір алмасуға үйрету, жас буынның ертеден өмірден өз орнын табуға бағыттау туралы айтылады.