ЖМБ СЫНЫПТАРЫНДА МАТЕМАТИКАМЕН ПӘНАРАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ КЕЗІНДЕ ЖИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ
Жүктеу...
Файлдар
Кездесуге
Авторлар
Журналдың атауы
ISSN журналы
Томның атауы
Баспагер
Publisher of Kostanay Regional University named after Akhmet Baitursynov
Дерексіз
Мақалада жоғары сыныптарда пәнішілік байланысты қолданудың мүмкіндіктері мен жолдарын айқындау, сонымен қатар оқушылардың қиындықтары әртүрлі есептерді шығаруда теорияны қолдана білу қабілеттерін дамытуға кепілдік беретін білімдер, іскерліктер мен дағдылардың жоғары деңгейін қамтамасыз етудің маңыздылығына және пәнаралық интеграция сабақтарын дайындауда ЖИ технологияларын пайдаланудың тиімділігіне тоқталған.
Оқушы қандай да бір тақырыпты өз дәрежесіне меңгере алмаса, соның салдарынан келесі өтілетін материалды, математикалық базаны талап ететін жаратылыстану пәндерінің де ұғымдары мен тақырыптарын түсінбей қалуы мүмкін. Сондықтан, математика сабақтарында пәнішілік байланыс арқылы дамыта берілетін білімнің маңызы зор. Әсіресе, 10–11 сыныптардағы математика сабақтарында пәнішілік байланыстарды жүзе-ге асыру жақсы нәтиже беруі үшін пәнаралық интеграцияны ЖИ технологиялары көмегімен тиімді ұйымдастыруға болады.