МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ ЗАМАНАУИ ЦИФРЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫҢ РӨЛІ
Жүктеу...
Кездесуге
Авторлар
Журналдың атауы
ISSN журналы
Томның атауы
Баспагер
Publisher of Kostanay Regional University named after Akhmet Baitursynuly
Дерексіз
Бұл мақалада бастауыш сыныптағы математика пәнін оқыту үдерісінде заманауи цифрлық ресурстар мен жасанды интеллект технологияларын тиімді қолданудың маңызы қарастырылған. Тақырыптың өзектілігі қазіргі қоғамдағы цифрландыру үдерісінің білім беру саласына қарқынды ықпал етуінде, оқушылардың ақпараттық ортада өмір сүріп, технологиялық құралдарды күнделікті қолдануында көрінеді. Осыған байланысты бастауыш мектепте математикалық білім беру процесінде цифрлық ресурстарды қолдану оқушының танымдық белсенділігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Тақырыпты зерттеудің мақсаты бастауыш сынып оқушыларының математика сабақтарындағы танымдық белсенділігін арттыру үшін заманауи цифрлық ресурстар мен жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану жолдарын анықтау болатын. Мақалада LearningApps, Kahoot, GeoGebra, BilimLand, Wordwall, Matific, SplashLearn сияқты интерактивті және бейімделген оқу платформаларын, сондай-ақ ChatGPT, Photomath, Google Lens секілді жасанды интеллектке негізделген қосымшаларды бастауыш мектептегі математика сабақтарында қолдану тәжірибелері бойынша нақты мысалдар көрсетілген.