ƏР ТҮРЛІ СУБСТРАТТАРДЫҢ ҚЫЗҒАЛДАҚТЫҢ БИОМЕТРИЯЛЫҚ ЖƏНЕ ФЕНОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ƏСЕРІ

dc.contributor.authorЗияева, Г.К.
dc.contributor.authorТулеубаев, Ж.С.
dc.date.accessioned2023-06-02T13:48:14Z
dc.date.available2023-06-02T13:48:14Z
dc.date.issued2023
dc.description.abstractМақалада əр түрлі топырақ қоспаларының қызғалдақтың Голден Парад(Golden Parad), Барселона(Barcelona), Роман Империя(Roman Empire), Династия (Tulip Dynasty), Барэ Альта(Tulip Barre Alta) түрлерінің биометриялық жəне фенологиялық көрсеткіштері бойынша зерттеулер келтірілген. Қызғалдақтардың биометриялық көрсеткіштеріне əр түрлі субстраттардың əсерін зерттеу мақсатында субстраттардың келесідей түрлері алынды: Торф/топырақ; топырақ/бор/кемира;үгінді/бор/кемира, торф/топырақ/бор/кемира; тыңайтқыштар (MgSO4, Ca(NO3)2). Биометриялық көрсеткіштер ретінде гүлсидамның биіктігі, қауыздың (бутондарының) биіктігі, жапырақ бетінің ауданы, қалыптасқан пиязшықтардың саны мен мөлшері өлшенді. Жүргізілген зерттеу жұмыстар нəтижесінде, тыңайт- қыштар мен бор қосылған шымтезек субстратында өсірілген өсімдіктер ең жоғары көрсеткіштерге ие болды. Оларға жақын көрсеткіштер шым тезекте тыңайтқышсыз өсірілген жəне үгінділер, бор, кемира жəне кальций нитратының қоспасында өсірілген өсімдіктерге ие болды. Қызғалдақтардың фенологиялық көрсеткіштеріне əр түрлі субстраттардың əсерін зерттеу мақсатында субстраттардың жоғарыда келтірілген түрлері алынды: Əр түрлі субстраттардағы фенологиялық бақылаулар келесі көрсеткіштер бойынша жүргізілді:тамырлану жылдамдығы, көрінетін бүршіктің пайда болуы, бүршіктің 1/3 түсі. Қызғалдақтарды шымтезек субстратында жəне тыңайтқыштармен үгінділерде егу ұсынылады, бұл тамырлау кезінде пияз-шықтардың жақсы сақталуын қамтамасыз етуге жəне қатаң белгіленген мерзімде өнімді алуға мүмкіндік береді. Қызғалдақтың пиязшықтарын жылыжайда өсірудің тиімді технологиясы зерттелді. Жүргізілген зерттеулер арқылы қызғалдақтарды егу үшін оңтайлы топырақ қоспасы анықтал- ды. Торф, топырақ, бор, кемира, тыңайтқыштар (MgSO4, Ca(NO3)2) қоспаларынан тұратын нұсқаларда егілген қызғалдақтардың биометриялық көрсеткіштері жоғары болды.en_US
dc.identifier.urihttps://dspace.kspi.kz/handle/123456789/6747
dc.language.isootheren_US
dc.publisherPublisher of Kostanay Regional University named after Akhmet Baitursynoven_US
dc.subjectқызғалдақen_US
dc.subjectсубстратen_US
dc.subjectтыңайтқышen_US
dc.subjectбиометриялық көрсеткіштерen_US
dc.subjectфенологиялық көрсеткіштерen_US
dc.subjectпиязшықen_US
dc.titleƏР ТҮРЛІ СУБСТРАТТАРДЫҢ ҚЫЗҒАЛДАҚТЫҢ БИОМЕТРИЯЛЫҚ ЖƏНЕ ФЕНОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ƏСЕРІen_US
dc.typeArticleen_US

Файлдар

Түпнұсқа жинақ

Қазір көрсету 1 - 1 ішінен 1
Жүктеу...
Кішірейтілген сурет
Аты:
2023-2_46-55.pdf
Көлемі:
1.62 MB
Формат:
Adobe Portable Document Format
Сипаттама:

Лицензиялық пакет

Қазір көрсету 1 - 1 ішінен 1
Жүктеу...
Кішірейтілген сурет
Аты:
license.txt
Көлемі:
1.71 KB
Формат:
Item-specific license agreed upon to submission
Сипаттама: