ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МЕКТЕП ГЕОГРАФИЯСЫНДАҒЫ ЕЛТАНУЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ
Жүктеу...
Кездесуге
Авторлар
Журналдың атауы
ISSN журналы
Томның атауы
Баспагер
Publisher of Kostanay Regional University named after Akhmet Baitursynov
Дерексіз
Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында қазіргі география сабағындағы
елтанулық білім берудің мазмұнын әлі де болса жетілдіру қажет. Себебі тәжірибе көрсетіп отырғандай педагогтер қауымының басым көпшілігі елтану бөліміне бөлінген тақырыптар санының аздығын алға тартады. Сонымен қатар бұрынғы және қазіргі елтанудың айырмашылығы барын сауалнама нәтижесі көрсетіп отыр. Қазіргі елтану бөлімінің тақырыптарын кешенді түрде қарастыру қажет. Оқушылардың көпшілігінде картамен жұмыс істеу дағдыларында қиындықтардың бары анықталды. Оқушылар әлем елдерінің географиялық бейнесін тұстастай көргенімен, оларды дербес қарастыруда қиыншылықтарға тап болады. Сонымен қатар елдерді оқып тануда талдамалық, салыстыру, бағалау, сыни ойлау сынды қабілеттерін дамыту қажеттігі айқындалды. Зерттеудің мақсаты орта мектептердегі қазіргі елтанулық білім беру мазмұнының тенденцияларын талдау, бағалау арқылы мәселелердің шешу жолдарын ұсыну.