10-11 СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН ГЕОМЕТРИЯ КУРСЫНДА ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТЫ ЕСЕПТЕР БЛОКТАРЫН ҚҰРАСТЫРУ ƏДІСТЕМЕСІ
Жүктеу...
Кездесуге
Авторлар
Журналдың атауы
ISSN журналы
Томның атауы
Баспагер
Publisher of Kostanay Regional University named after Akhmet Baitursynov
Дерексіз
Мектеп геомерия курсын оқытудың өзіндік қиындықтары бар. Əсіресе, стереометрияның алғашқы сабақтарынан бастап кездесетін қиындықтар жоғарғы сыныптарда сабақ беретін əрбір математика мұғаліміне таныс. Стереометрия аксиомаларымен таныстыру кезінде оқушылардың кеңістіктік түсініктерінің əліде нашар дамыған болуына байланысты, стереометрияның алғашқы ұғымдары туралы мəліметтер абстрактілі сипатқа ие болып, жаттанды білімдер қалыптасады. Сондықтан да, оқушылардың көпшілігі стереометрия курсын мектеп пəндерінің ішіндегі күрделі пəндердің бірі ретінде қабылдап, оған деген қызығушылықтары жойылады. Сол себепті геометрияны оқытуда оқытылып жатқан материалдың көрнекілігі жəне оның моделдеу немесе басқа да бейнелеу құралдарын
пайдалану арқылы нақтылануы осындай қиындықтарды жеңуде үлкен роль атқарады.