SMART ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ҚОЛДАНУ
Жүктеу...
Кездесуге
Авторлар
Журналдың атауы
ISSN журналы
Томның атауы
Баспагер
Publisher of Kostanay Regional University named after Akhmet Baitursynov
Дерексіз
XXI ғасырда орта білім беру жүйесі елеулі өзгерістерге ұшырады. Бұл өзгерістердің басында соңғы жылдары әлемнің көптеген елдерінің білім беру деңгейлерінде белсенді дамып, енгізіліп жатқан технологиялар жатыр. Қалыптасқан жағдайды өзгерту - қазақстандық білім беру сапасын арттыру бағыты соңғы жылдардағы көптеген стратегияларда, тұжырымдамаларда жарияланды. Smart -білім
беру дегеніміз - бұл өзін-өзі басқаратын, ынталы, икемді, ресурстармен байытылған, білім алушыларды, педагогиканы және формальды да, бейресми де оқытуды қамтитын ортаны біріктіретін технологиялық жүйе, сондай-ақ білім алушыларға қажетті білім, дағдылар, құзыреттер алу мақсатында
дербестендірілген тәсіл болып табылады. Бұл мақаланың мақсаты - орта білім беру жүйесінде smart технологияны қолдануды зерттеу.