ОҚУШЫЛАРДЫҢ АНАЛИТИКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТЕРІН ДАМЫТУДА ПРАКТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ МЕН МАҢЫЗЫ
Жүктеу...
Кездесуге
Авторлар
Журналдың атауы
ISSN журналы
Томның атауы
Баспагер
Publisher of Kostanay Regional University named after Akhmet Baitursynov
Дерексіз
Бүгінгі таңда үлкен көлемдегі деректермен жұмыс істей білу, негізгісін алу, ақпаратты талдау және маңыздысын бөліп көрсету, көптеген мамандықтардың қызметкерлеріне қажет. Жобаларды басқару, есептер шығару, техникалық мәселелерді шешу, тіпті әңгімелесу оқушылар бойында аналитикалық қабілеттерді дамытуды қажет етеді. Бұл мақалада оқушылардың физика пәнінде аналитикалық дағдыларын дамытуға арналған тапсырмаларды қолданудың тиімділігі мен маңыздылығы қарастырылады. Оқытуда сыни тұрғады ойлайтын, баяндаудағы логикалық және дұрыс қорытынды жасай алатын тұлғаны дайындау, жоғары деңгей дағдыларын (талдау, жинақтау, бағалау) дамытуда көмектесетін тиімді әдіс-тәсілдер жүйесі келтіріледі. Физика пәнінен практикалық мазмұндағы тапсырмалардың қолдану ерекшеліктері баяндалады. Айтылған әдістердің тиімділігін дәлелдейтін эксперименттік жұмыстың нәтижелері келтірілген. Оқушылар мен студенттердің аналитикалық дағдыларын дамыту олардың болашақта мамандық таңдауда құзіреттілігін арттырады деп сенеміз. Мақала болашақ педагогтардың ғылыми-зерттеу құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған оқу және әдістемелік құралдарды әзірлеушілері үшін пайдалы болуы мүмкін. Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру үрдісімен байланысқан теориялық және практикалық әзірлемелер енгізуге мүмкіндік беретін нәтижелерді қамтиды.