ҚАЗАҚТЫҢ КҮЛДІРГІ ӘЗІЛ-ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ЭТНОНИМДЕР ТУРАЛЫ БІРЕР СӨЗ
Жүктеу...
Файлдар
Кездесуге
Авторлар
Журналдың атауы
ISSN журналы
Томның атауы
Баспагер
Publisher of Kostanay Regional University named after Akhmet Baitursynov
Дерексіз
Мақала халық ауыз әдебиетінің бір саласы – күлдіргі әзіл-қалжың әңгімелерді отандық ғалымдар көзқарастарына сүйеніп, қазақ ономастикасы аясында қарастырылады.
Автор қазақтың күлдіргі әзіл-әңгімелеріндегі «би-шешендер айтты» деген кейбір руларға қатысты қалжың, әзіл-оспақ сөздерге тоқталып, олардың ономастикалық кеңістіктегі қыр-сырын танып-білуге де болатынын алға тартады.
Мақалада күлдіргі әзіл-әңгімелері аясында да ру аттары кездесетінін назарға алып, ең алдымен, әр дәуірдің, әр кезеңнің ерекшелігіне, шындығына байланысты туған қалжың, әзіл-оспақ әңгімелер (анекдоттар) халқымыздың тарихымен, саяси-рухани, тұрмыс-тіршілігімен, тіпті, қазіргі қоғамдағы мінез-құлықты қалыптастыру мәдениетімен сабақтас екені де сөз етіледі.
Халық ауыз әдебиетінің күрделі де көркем дүниесі күлдіргі әзіл-әңгімелеріндегі ономастикалық атауларды жинақтап, оның ішінде қазақ руларының ешкімге ұқсамайтын ерекше бет-бейнесін «имиджін», «стереотипін» немесе «мінез-құлық прагматизмін» қазақ ономастикасы аясында кешенді түрде зерттеудің маңызы зор екенін ұсынады.