WORDPRESS ПЛАГИНДЕРІНДЕГІ НӨЛДІК КҮНДІК ОСАЛДЫҚТАРДЫҢ ӨМІРЛІК ЦИКЛІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ПРОАКТИВТІ ҚОРҒАНЫС ӘДІСТЕРІН ЕНГІЗУ
Жүктеу...
Кездесуге
Авторлар
Журналдың атауы
ISSN журналы
Томның атауы
Баспагер
Publisher of Kostanay Regional University named after Akhmet Baitursynuly
Дерексіз
Бұл мақалада WordPress жүйесіне арналған плагиндердегі нөлдік күндік (Zero-Day) осалдықтардың өмірлік циклі талданады және осындай осалдықтарға қарсы проактивті қорғаныс әдістері қарастырылады. WordPress қазіргі таңда ең кең қолданылатын контент басқару жүйелерінің бірі болғандықтан, оған қосылатын плагиндердің осалдығы ақпараттық қауіпсіздікке елеулі қатер төндіреді. Зерттеу барысында соңғы жылдары орын алған нақты шабуыл оқиғалары (мысалы, 2023–2025 жылдардағы кейстер) талданып, нөлдік күндік осалдықтың анықталуынан бастап оны пайдаланудың және түзетудің барлық кезеңдері сипатталады. Сонымен бірге, мұндай осалдықтарды алдын ала анықтап-болдырмау үшін көпқабатты қауіпсіздік, Web-қолданба брандмауэрлері және жүйелі жаңартулар тәрізді проактивті қорғаныс әдістерінің тиімділігі қарастырылады. Практикалық бөлімде WordPress плагиндеріндегі нөлдік күндік осалдықты пайдалану мысалдары келтіріліп, суреттер арқылы иллюстрацияланады. Бұл ғылыми-зерттеу нәтижелері WordPress негізінде веб-
сайттардың қауіпсіздігін арттыру және осалдықтардың өмірлік циклін түсіну арқылы ықтимал шабуылдардың алдын алу жолдарын ұсынады.